Есептілік

Ахат бөлімінің 2018 жылдағы 11 айлық қорытындысы

 2018 жылдың 11 айлық қорытындысы бойынша Орал қаласы АХАТ бөлімімен  22 302  мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызметтің жалпы санынан 14 538 (60%) ХҚКО арқылы және 2526 (12%) «электронды үкімет» вэб-портал арқылы көрсетілді. Өткен жылдың сәйкестендіру кезеңінде ХҚКО арқылы 15140 (69%) қызмет, 1046 (2%) «электронды үкімет» вэб-портал арқылы қызмет көрсетілді, яғни «электронды үкімет» вэб-портал арқылы қызмет көрсету биыл 50 % жоғарлады.

     2-сәуірден бастап азаматтық хал актілерін тіркеу туралы  қайталама куәліктер мен анықтамалар алуға өтініш беру үшін жаңа  қызмет іске қосылды, яғни акт жазбаларының тіркелген жері бойынша, осыған байланысты ХҚКО арқылы қызмет көрсетудің үлесі 9 %-ға төмендеді. Пилоттық жоба негізінде «Проактивтық қызмет» бойынша қызмет көрсетудің үлесі  «электронды үкімет» вэб-портал арқылы 10 %-ға өсті.

     Сонымен қатар ағымдағы жылдың өткен кезеңі бойынша заңды тұлғаларға 2183 қызмет көрсетілді, яғни өткен жылдың 11 айлығымен  салыстырғанда    1 %-ға төмендеді.

       Көрсетілген қызметтердің  40 пайызы тууды тіркеуді құрайды. Есеп беру уақытында өткен жылға қарағанда нәрестелердің дүниеге келуі биыл              1 %-ға қысқарған.  Егер өткен 2017 жылдың 11 айында дүниеге жаңа келген 8176 сәби тіркелген болса, 2018 жылдың осы уақыты ішінде 7900 сәби тіркелді. Қайтыс болғандарды тіркеу саны 10 %-ға  өссе, олардың саны 2675 адам. Өткен 2017 жылда осындай аналогикалық кезеңімен салыстырғанда  2429 қайтыс болғандар тіркелген.

          Некеге тұруды тіркеу қызметінің үлесі 11%-ды құрайды, бұл көрсеткіш 2017 жылдағы  аналогиялық кезеңмен салыстырғанда 3137 адам немесе             2 %-ға өсіп отыр. Сонымен қатар некені 2017 жылдың 11 айлығында 1159 жұп болса, 2018 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда  1152 жұпты құрайды.

     Қызметтің 22 % үлесі қайталама куәлік пен анықтама беруден құралады. Осы есеп аралығында 2018 жыл 4837 қайталама куәлік пен анықтама берілді.

    Мемлекеттік қызмет ету сапасын жақсарту мақсатында бірқатар тиімді мерекелік шаралық жұмыстар атқарылды.

     Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің барлық түрі бойынша Жадынамалар жасақталып, үстіміздегі жылдың 28-ақпаны күні  «Салтанат сарайы» ғимаратында өткізілген «Ашық есік» күні азамттарға табыс етілді және       21-наурыз, 31-наурыз, 4-сәуір  күндері мемлекеттік қызмет бойынша «Сити Центр», «Алем Плаза» сауда орталықтарында өткізілген жәрмеңкелерде азаматтарға таратылды. Сонымен қатар Жадынама мәтіндері қала әкімі сайтында (uralsk.gov.kz) орналастырылды және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы қызметкерлеріне үйлестірілді.

      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Шатқайыр» медиацияны дамыту қоғамдық қоры ұйымдарының қызметкерлерінің қатысуымен   меморандум келісімшарт аясында «Ашық есік күні» өткізілді. «Ашық есік күні» туралы өткізілген ақпарат қала әкімі сайтында (uralsk.gov.kz) орналастырылды және «Пульс города» қалалық газетінде жарияланды.

     Ай сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №1, №2 бөлімшелерінде азаматтық хал актілерін тіркеу барысында құжаттарды қабылдау кезінде кездесетін сұрақтарға  АХАТ бөлімінің маманы кеңес беру күнін өткізіп келеді.

    Тууды тіркеу бойынша проактивтық қызметтің сапалы қызмет көрсетуі үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынында (ХҚКО№1) дөңгелек үстел өткізілді. Онда өзара жақсы қарым-қатынас арқылы кешміліктерді жою және проактивтық қызметтің сапасын көтеру мәселелері қаралды. (хаттама №5 11.01.2018 ж).

     Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсету барысында жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО№1) қызметкерлерінің қатысуымен 23-ақпан (Хаттама №6), 21-мамыр (Хаттама №11) күндері адам құқығын бұзбау және заңды сақтау мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өткізілді.

     Ұйымдастырылған шара аясында, 23-сәуірде «Талап» радиосының «Актуалдық сұқбат» бағдарламасы өткізген тікелей эфирде АХАТ бөлімінің мамандарының қатысуымен, электронды түрде азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету барысында кездесетін сұрақтар талқыланды. Эфирде электронды өтініш берудің артықшылықтарыда тілге тиек болды. Ал азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша электрондық қызмет туралы ақпараттар қалалық «Пульс города» (№30) және «Жайық үні» (№21) газеттерінің мамыр айындағы басылымында жарық көрді.

     Қала әкімдігі жанынан жасөспірімдер ісі бойынша Комисиясының шықырылған құрамы бойынша  «№19 балалар үй» (14.06.2018 ж) және «Аналар үйі» (07.06.2018 ж) мекемелерінде АХАТ бөлімінің басшылығының қатысуымен ата-аналарға тууды тіркеу, аты, тегі және әкесінің атын өзгерту, әкелікті анықтауды тіркеу қызметтері бойынша кездесетін сұрақтар барысында түсіндірулер жүргізілді.

      2018 жылдың 14-маусымында «Жастар және оқушылар сарайы» орталығында  ақпараттық-талдамалық және жастар ресурстық орталығының қолдауымен және Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерінің қатысуымен "Некенің берекеті- білімде" атты кездесу өтті.

      Кездесуде жастардың құқықтық саутылықтары, отбасылық қатынастар, отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасылық қатынастарды дұрыс қалыптастырудың негізі туралы сұрақтар қызу талқыланды. Осыған орай некеге тұрудың заңнамаға сәйкес тәртібі мен қызметтері туралы жан-жақты түсініктеме берді.

     Мерекелік  шара  аясында  «Алғыс күніне»  орай  АХАТ бөлімі  1 мен 2-ші наурыз аралығында «Сүйінші» акциясын ұйымдастырды. Бұл күндері көпбейінді ауруханасында АХАТ бөлімі қызметкерлері дүниеге жаңа келген сәбилердің аналарын құттықтап сыйлықтар табыс етті.

    «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыруды жүзеге асыру барысында қызметтерді көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында көптеген тыңғылықты бірқатар жұмыстар атқарылды.

    Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бала тууды тіркеуге өтініш жасау қызметі мобильді қосымша бойынша веб-портал арқылы көрсету белсендірілді. Бұндай жол бала тууды мемлекеттік тіркеу процесін жеделдетеді, бала бақшаға кезекке тұруына және жәрдем ақы алуына да ыңғайлы жағдай жасайды. I-жарты жылдық қорытындысы бойынша проактивтік жоба арқылы көрсетілген қызмет 26 % құрайды.

    Ағымдағы жылдың 25-мамырынан бастап пилоттық жоба бойынша АХАТ бөлімінде уақытша оқып үйрену негізінде туу мен қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін жауапты мекеме Мемлекеттік корпорация болып табылады. Қол қою және елтаңбалы мөрді пайдалану құқығымен АХАТ бөлімінің қызметкері іс-сапарға жіберілді.

   2-сәуірден бастап «ИИС ЦОН» және «АХАТ АЖ» арасында азаматтық хал актілері туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар алу үшін берілетін өтініштер бойынша жаңа қызмет іске қосылды. «ИИС ЦОН» жүйесі арқылы берілген өтініш бірден  акт жазбалары орналасқан жері бойынша тіркеуші ұйымға «АХАТ АЖ» жүйесіне түседі, яғни ол түпнұсқасын күтпестен құжатты орындауға мүмкіндік береді және дайын болған құжатты ЦОН-ға өтініш берілген жері бойынша жібереді. Бұл жүйе АХАТ бөлімінің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.

     АХАТ бөлімінің жұмысын ашықтықта көрсету мақсатында uralskzags инстаграмм акаунтты құрылды, яғни онда әрбір азамат өз ұсынысын жасауға немесе бөлім жұмысымен танысуға болады.

    Ағымдағы жылдың 14-қыркүйегінде "Отбасы күніне" арналған мерекелік шара өтті. Отбасылық құндылықты насихаттау аясында  "Жайық таңы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Салтанат сарайында" АХАТ бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, отбасын құрғандарына 50 және 60 жыл толған гауһар, алтын той иелерімен кездесу  өтті.

   Сонымен қатар қыркүйек айында облыстық радиода өткен  неке қию және неке бұзу тақырыбындағы "Ақбосаға" хабарында АХАТ бөлімінің маманы қатысты. Ал "Астана" телебағдарламасы ұйымдастырған "Ақпараттық сараптамалық бағдарлама" атты хабарға шетел азаматтарымен некеге тұру туралы ақпараттар барысында АХАТ бөлімінің сектор меңгерушісі                Э. Сралиева қатысыты, бағдарлама 23-қыркүейекте көрсетілді.

Орал қаласы АХАТ бөлімінің ұйымдастаруымен 2018 жылдың           24-қазанында дөңгелек үстел өткізілді. Күн тәртібінде  жас жұбайларды отбасылық өмірге психикалық тұрғыдан дайындау және ажырасудың алдын-алу мәселелері айтылды. Дөңгелек үстелге №2 қалалық сотынан                    Ш. Шайдиева,  «Әйел.Қоғам. Болашақ» қоғамдық бірлестігінен Г. Тулегенова, ішкі саясат бөлімінен А. Курманалиевалар қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты жас отбасыларының қарым-қатынасы, отбасылық өмірге үлкен жауапкершілігі, отбасылық дау-жанжал және отбасылық бала тәрбиесі туралы көкейтесті мәселерді талдауға арналды.