Басшылық

Қайрекеев Талғат Қырықбайұлы

бөлім басшысы

1961 жылы 26 наурыз Орал облысы, Тайпақ ауданы, Атамекен ауылында дүниеге келген. 1984 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының физика және математика пәндерінің мұғалімі мамандығын бітірген.

1978 жылдан Орал облысы, Тайпақ ауданы, Базартөбе ауылы – Базартөбе совхозының жұмысшысы;

1979 жылдан Орал қаласы – Орал педагогикалық институтының студенті;

1984 жылдан Орал облысы, Тайпақ ауданы, Сұлтан ауылында – Сұлтан негізгі мектебінің мұғалімі;

1985 жылдан Орал облысы, Тайпақ ауданы, Сұлтан ауылында – Сұлтан негізгі мектебінің оқу ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары;

1986 жылдан Орал облысы, Тайпақ ауданы, Тайпақ ауылы – Тайпақ аудандық білім беру бөлімінің мектеп инспекторы;

1993 жылдан Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Тайпақ ауылы – Тайпақ ауданы әкімшілігі аппаратының аға референті;

1993 жылдан Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Тайпақ ауылы – Тайпақ ауданы әкімшілігі аппаратының тіл жөніндегі бөлімінің меңгерушісі;

1995 жылдан Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Тайпақ ауылы – Тайпақ ауданы әкімшілігі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі;

1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Тайпақ ауылы – Тайпақ ауданының білім беру бөлімінің меңгерушісі;

1997 жылдан Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы – Ақжайық ауданының білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

1999 жылдан Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы – Ақжайық ауданы мәдениет бөлімінің маманы;

1999 жылдан Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы – Ақжайық аудандық мәслихат хатшысы;

2007 жылдан Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы – Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;

2017 жылдан Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы – Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.