Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы электрондық қызметтер

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы электрондық қызметтер

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Цифлы Казақстан» Мемлекеттік бағдарламасы мақұлданды, ондағы  мақсат белсенді мемлекетке көшу міндеттерінің бірі болатын. Бұл бағдарлама бойынша алға қойылған тапсырманың негізгі мақсаты 2020 жылға дейін халықтың 83 пайызы өз беттерінше сапалы электрондық қызметтерді алу көрсеткішіне жету.

Өкінішке орай күні бүгінгі таңда азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша электрондық қызметтер алу деңгейі жоғарға көрсеткішке жетпей отыр.

Қолданыстағы Стандартарға сәйкес азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтің 10 түрінің 5 түрі бойынша  баламалы түрде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру қарастырылған.

Бұған жататын қызметтер:

-тууды тіркеу;

-Некеге тұруды тіркеу;

-Некені бұзуды тіркеу (өзара келісім бойынша);

-Атын, әкесінің атын, тегін өзгерту (Некеге тұрғанға дейінгі тегін алу, некенің бұзылуына байланысты);

-Қайталама куәліктер беру.

Егер 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы аумағындағы азаматтық хал актілерін тіркеу жүргізілген жағдайда («АХАЖ АЖ» ақпарттық жүйесінің жұмыс істеуінен бастап), осы жазбаларға қатысты қажет анықтамаларды ЭЦҚ арқылы азаматтар өз беттерінше электронды түрде ала алады. Бұлар туу туралы, неке туралы, некені бұзу туралы және қайтыс болу туралы 2008 жылдан бастап тіркелген акт жазбалары бар анықтамалар.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бала тууды тіркеуге өтініш жасау қызметі  мобильді  қосымша бойынша веб-портал арқылы көрсету белсендірілді.

Бұндай жағдайда өтініш берушінің мобильді телефонына тууды тіркеу туралы хабарлама түседі және тууды тіркеу туралы құжатты қай мекенжайдан қай уақытты алу қажет екендігі туралы жұмыс күні ішінде хабарлама түседі. Бұндай жол бала тууды мемлекеттік тіркеу процесін жеделдетеді, бала бақшаға кезекке тұруына және жәрдем ақы алуына да ыңғайлы жағдай жасайды.

Азаматтар некесін алғаш рет  «электронды үкімет» www. egov.kz.  веб-порталы арқылы, некеге тұрушы екі адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольмен куәландырылған электрондық өтініш жасауға болады.

Портал арқылы өтініш тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" 1 жұмыс күні ішінде электронды өтініштің қабылданғаны және некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама жолданады.

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, яғни  некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің өтініш берген күнінен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізілетінін атап өту қажет. Бір айлық мерзім ол өтініш берген күнінін кейінгі келесі күннен бастап толық бір ай болып есептеледі. Егерде көрсетілген уақыт демалыс күніне сәйкес келетін болса мемлекеттік қызмет көрсету келесі жұмыс күніне қалдырылады. Мысалы, егер азамат 11-сәуір күні өтініш берген болса, некеге тұру күні 12- мамырға белгіленеді.

Некеге тұруға электронды түрде өтініш беру, ол азаматтардың тіркеуші ұйымға екеуі бірге келіп, берген өтініштеріне екеуі бірдей қол қоюға ыңғай болмайтын жағдайларды шешуге септігін тигізеді. Бұндай жағдайда азаматтар егерде ЭЦҚ бар болса, Қазақстан Республикасының кез-келген аймағында тұрып некеге тұруға  электронды түрде өтініш жасай алады.

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша, неке 2007 жылдан кейін тіркелген жағдайда, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге, ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольмен куәландырылған электрондық өтініш жасауға болады.

Портал арқылы өтініш тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" өтініштің қабылданғаны растау және некені (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды тіркеу күнінің белгіленгенуі туралы 1 жұмыс күні ішінде хабарлама жолданады.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлесіп өтініш жасаған адамдардың қатысуымен, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өтініш бергеннен кейін, бір айлық мерзімінің өтуіне орай тіркеуші ұйымда жасалады. Бір айлық мерзім, өтініш берген күннен кейін, келесі күннен басталып және келесі айдың тиісті күні аяқталады. Егер де бұл күн жұмыс күніне келмесе, осы күннен кейінгі жұмыс күніне белгіленеді. Айлық мерзімді қысқартуға болмайды. Егер де ерлі-зайыптылар белгіленген күнге келмесе, олар қайтадан тіркеуші ұйымға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға  өтініш жасайды және оларға қайталап бір айлық мерзім беріледі.

Некенің бұзылуына байланысты, қайтадан некеге дейінгі тегін алу үшін де «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру қарастырылған, егер де неке 2007 жылдан кейін бұзылған жағдайда.

Бұндай жағдайда қызметті алушының "жеке кабинетінде" электронды өтініштің қабылданғаны және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнінің белгіленгенуі туралы хабарлама жолданады.

Дайын құжаттарды алу, қызметті алушының "жеке кабинетінде" жібірілген хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша іске асырылады.